Зеленский Джо Байденмен кездесуге дайын

Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттары  президенті Джо Байденмен кездесуге дайын екенін айтты.

1653264
Зеленский Джо Байденмен кездесуге дайын

Украина президенті Владимир Зеленский 16 маусымдағы Ресей президенті Владимир Путин мен Америка Құрама Штаттары  президенті Джо Байденнің кездесуінен бұрын Байденмен кездесуге дайын екенін айтты. 

Зеленский Америка хабар сайты "Axios"-қа берген сұхбатында АҚШ-тың "Солтүстік ағын-2" жобасы үшін жасалатын санкцияларды жою жайлы шешімді түсіндірді. 

АҚШ-тың  "Солтүстік ағын-2"  жобасына қарсы жасалатын санкцияларды күшінен қалдыру шешіміне таң қалғанын білдірген Зеленский Байденмен сәуірдегі телефон әңгімесінде басқаша бір сигнал алғанын еске салды. 

Зеленский АҚШ-тың жобасын тоқтата алатын жалғыз күш екеніне сенгенін, сондай-ақ тек Еуропаның қауіпсіздігі үшін ғана емес , АҚШ үшін де бір қауіп болғанын баяндады. 

Ресей тақырыбын өте жақсы білгенін атап өткен Зеленский осы себепті келіссөздерді өткізудің маңызды екенін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар