Израиль күштері 17 палестиналықты тергеуге алды

Израиль күштері түнде Шерияның батысы мен Иерусалимнің шығысына басып кірді.

1653231
Израиль күштері 17 палестиналықты тергеуге алды

Израиль күштері басқыншылық астындағы Шерияның батысы мен Иерусалимнің шығысында 17 палестиналықты тергеуге алды.

Израиль күштері түнде Шерияның батысы мен Иерусалимнің шығысындағы кейбір аумақтарға басып кірді.

Палестина ресми ақпарат агенттігі WAFA-ға қарағанда аталмыш басқындар кезінде Иерусалимнің шығысында 7, Шерияның батысында 10 палестиналықты тергеуге алды.

Тергеуге алынғандар арасында Шерияның Әл-Қыдыр ауданы тұрғыны 2 жаралы палестиналық жастың да бар екені хабарланды.

Басқа жағынан Израиль полициясы қолдаған ондаған фанаттық еврей басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысындағы ескі қала аймағындағы әл-Ақса мешітінің ауласына басып кірді.

Иерусалим Ислами қорлар басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде 72 фанаттық еврейлердің Әл-Акса мешітінің оңтүстік батысындағы Әл-Мағрибе (Марокко) қақпасынан Әл-Харам мешітіне басқын жасағаны атап көрсетілді.

Израиль полициясы қорғаған еврей тобын Әл-Харам мешітінің ауласында қыдырған соң Әл-Ақса мешітін тастап кеткені жазылған.



Ұқсас жаңалықтар