Америкада мешіт саны артқан

Мешіт саны он жылда 31% артты.

1651340
Америкада мешіт саны артқан

Америка Құрама Штаттарындағы мешіт саны он жылда 31% артты.

Америка Құрама Штаттарында Әлеуметтік саясат және түсінік институты «Америка мешіттері 2020: Өсім мен даму» атты есеп жариялады.  Осыған қарағанда,  2010 жылы 2 мың 106 болған мешіт саны 2020 жылы 31% артып, 2 мың 769 болған.

Есепте мешіт санының артуы АҚШ-тағы мұсылман санының артуымен байланыстырылды. Ең көп мешіт Нью-Йоркта. Нью-Йоркта 275 мешіт бар. Жұма намазына келген мұсылмандардың саны соңғы он жылда 16%артқан.

Деректерге қарағанда соңғы он жылда Америка Құрама Штаттарында Ислам дінін қабылдаған Африка тектілердің саны 64 пайыздан 57 пайызға азайған.  Ал латын қоғамында Исламды қабылдағандар мөлшері 12 пайыздан 15 пайызға артқан.



Ұқсас жаңалықтар