Жаңа типтегі коронавирус варианттарының атаулары өзгертілді

ДДCҰ елдерді "жағымсыз көрсетеді" деген себеппен ковид-19 нұсқаларына жаңа атаулар берді.

1649673
Жаңа типтегі коронавирус варианттарының атаулары өзгертілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) елдерді жағымсыз көрсетуге ықпал етеді деген себеппен жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) нұсқаларына жаңа атаулар берді.

Елдердің сұраныстары бойынша нұсқалар енді алғаш рет көрінген аймақтардың аттарымен емес, грек алфавитіндегі әріптермен аталатын болады.

Бұған қарағанда ағылшын варианты «Альфа», Оңтүстік Африка варианты «Бета», Бразилия варианты «Гамма», Үндістанда байқалған 2 вариант «Дельта» мен «Каппа», Америка Құрама Штаттарында байқалған 2 вариант болса «Эплисон» мен «Йота» деп аталатын болды.

Осы жаңа атау шешімімен варианттар шыққан елдерге бағытталған дифференциалды шаралардың алдын алу мақсат етіледі.



Ұқсас жаңалықтар