АҚШ Сириядағы фирмаға енді жеңілдік жасамайды

Байден әкімшілігі Сириядағы мұнай аймақтарына байланысты жаңа қадам басуға дайындалады.

1647216
АҚШ Сириядағы фирмаға енді жеңілдік жасамайды

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденнің Сирияда сепаратистік YPG/PKK террорлық ұйымының басқыншылығы астындағы мұнай аймақтары үшін бір АҚШ фирмасына берілген «санкция жеңілдігін» созбайтыны білдірілді.

Associated Press (AP) агенттігінің хабарында Байден әкімшілігінің Сириядағы мұнай аймақтарына байланысты жаңа қадам басуға дайындалғаны айтылды. Осыған орай Байден билігі өткен жылы Сириядағы мұнай алаңдарында жұмыс істеуі үшін Delta Crescent Energy атты АҚШ-тың бір энергия фирмасына берілген санкция жеңілдігін созбауға шешім берді.

АҚШ Қазына министрлігі бұдан бұрын санкциялар шеңберінде АҚШ фирмаларының Сирияда энергетикалық бизнес жасауына тыйым салып,  бұдан бұрынғы президент Трамп билігі 2020 жылдың сәуір айында аталмыш фирмаға жеңілдік берген болатын.

 Хабарға қарағанда, Байден үкіметі енді Трамп кезіндегі «Сириядағы мұнайды қолда ұстап тұру» саясатын жүргізбейді.



Ұқсас жаңалықтар