Колумбияда үкіметке қарсы протесттер жалғасуда

Колумбияда үкіметке қарсы демонстрациялар ұйымдастырған мыңдаған адам елдің маңызды қалаларында шеруге шықты.

1646568
Колумбияда үкіметке қарсы протесттер жалғасуда

Колумбияда 28 сәуірден бастап үкіметке қарсы демонстрациялар ұйымдастырған мыңдаған адам елдің маңызды қалаларында шеруге шықты.

Ұлттық ереуіл комитетінің шақыруы бойынша жиналған кәсіподақ өкілдері, студенттік топтар және әртүрлі азаматтық қоғам өкілдері президент Иван Дюк үкіметінің шараларына наразылық білдірді.

Бас қала Богота мен елдің екінші үлкен қаласы Меделлинде  көшелерді көліктік қатынасқа жапқан шерушілер даңғыл бойымен жүріп, музыка мен әннің сүйемелдеуімен бейбіт демонстрациялар өткізді.

Наразылық акциялары басталғаннан бері зорлық-зомбылық оқиғаларына сахна болған Валье-дель-Кауканың Тулуа қаласында түнгі уақытта наразылық білдірушілер мен полиция арасында жанжал болды.

Демонстрациялар кезінде кейбір наразылық білдірушілер қаланың сот ғимаратына өрт қойып, ғимаратқа айтарлықтай материалдық шығын келтірді.

Полиция көз жасаурататын бомба және таяқшалармен оқиғаларға араласып, аймақты бақылауға алды.



Ұқсас жаңалықтар