Үндістанның екі штатында дауыл сигналы берілді

Дауылдың жылдамдығының сағатына 177 шақырым болатындығы жарияланды.

1645452
Үндістанның екі штатында дауыл сигналы берілді

Үндістанның Одиша мен Батыс Бенгал штаттарында он мыңдаған адам қарқынды дауыл салдарынан эвакуацияланды.

Үндістан Метеорология департаменті жасаған мәлімдемеде «Яас» деп аталған дауылдың жылдамдығының сағатына 177 шақырым болатындығы және ертең таң уақытында Ориша мен Батыс Бенгал штаттарына болымсыз әсер ететіні айтылған.

Батыс Бенгал мен Одишаға жедел жағдай топтары орналастырылды.

Лауазымдылар қарқынды дауылдың болымсыз ықпалының Батыс Бенгалда кем дегенде 20 ауданында байқалатынын атап, бұл аудандардағы он мыңдаған тұрғынның басқа баспаналарға эвакуацияланғанын хабарлады.

Одишада болса шамамен 15 мың адамның эвакуацияланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар