Ковид-19 вакцинасы 8 айлық нәрестеге екі доза егілді

Pfizer-BionTech компаниялары тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1645120
Ковид-19 вакцинасы 8 айлық нәрестеге екі доза егілді

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында 8 айлық нәрестеге екі доза Pfizer-BionTech компанияларының жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакцинасы салынды.

Нәресте Энцо Минколла «әлемде ковид-19 вакцинасы егілген ең кішкентай адам» атағын алды.

Вакцина Минколлаға жанұясының келісімімен, мемлекеттік университет жүргізген клиникалық сынақтар аясында салынды.

Әке-шешесінің дәрігер екені аталған Энцоның вакцинаға қарсы кезкелген реакция көрсетпегені және денсаулығының бір қалыпты екені білдірілді.

Әкесі Майк Минчелло баласына ковид-19 вакцинасы салынуымен байланысты «Вакцинаның алғашқы сынақтарынан бастап ғылымды мұқият қадағалап жүрмін, бізде еш күмән болмады» деді.

Шешесі Марисса Минколла да вакцинаның қауіпсіздігі тақырыбында басқа отбасыларға үлгі болуды үміт еткендерін атап, «Энцо басқа балалардың вакцина егуінің алдын ашатыны себепті өте қуаныштымын, бұл абырой» деді.

Орталығы АҚШ-тағы фармацевтикалық компания Pfizer 25 наурыз күні өзінің неміс серіктесі BioNTech-пен бірге 6 айдан 11 жасқа дейінгілерге арналған ковид-19 вакцинасы сынақтарын бастағаны туралы хабарлады.

АҚШ-тағы Moderna фармацевтикалық компаниясы да 16 наурыз күні эпидемияда жаппай иммунитетке арналған 6 айдан 11 жасқа дейінгі ковид-19 вакцинасы егу жұмыстарын бастағанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар