Биыл жағдай 2020 жылдан да қауіпті

Өлім-жітім былтырғыдан асып түседі.

1644703
Биыл жағдай 2020 жылдан да қауіпті

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлемнің коронавирус эпидемиясында әлі өте қауіпті жағдайда екенін айтты.  Ол әлем көлемінде қауқары әлі қайтпаған коронавирус эпидемиясы жөнінде мәлімдеме жасады.

Биыл қазірге дейін 2020 жылғы жалпы деректен көп коронавирус оқиғасы тіркелгеніне назар аударған Гебрейесус өлім-жітімнің бірнеше апта ішінде өткен жылғы көрсеткіштен асып түсетінін айтты.

Ол вакцинаның таралымындағы «үлкен теңсіздіктің» эпидемияның жалғасуына жол ашқанын атап көрсетті. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдердің вакцина акцияларына қолдау көрсетіп,  әрбір елде жылдың аяғына дейін кемінде отыз пайыз вакцинация мөлшеріне жетуді қамдауға шақырды.

Гебрейесус айырықша коронавируспен күресте әлем бойынша кемінде 115 мың медициналық қызметкердің қайтыс болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар