Беларусь ұшаққа байланысты тергеуге маман қабылдауға дайын

Ұшақтағы бір белсенді ұсталған болатын.

1644597
Беларусь ұшаққа байланысты тергеуге маман қабылдауға дайын

Беларусь төтенше жағдайда қондырылған ұшаққа байланысты тергеу үшін мамандардың келуіне және мәліметтерді жариялауға дайын екенін хабарлады.

Беларусь Сыртқы істер министрлігі Минск қаласына қондырылған ұшаққа байланысты жасалатын бір тергеуде мамандардың келуіне және оларға мәлімет беруге дайын екендерін білдірді.

Грекиядан Литваға ұшып бара жатқан бір ұшақ ішінде оппозиционер белсенді болғандықтан төтенше жағдайда қондырылды деп алға тартылған еді. Ұсталған белсендінің өткен жылы Лукашенкоға қарсы демонстрациялардан кейін ізделгендер тізіміне қосылған 26 жасар Роман Протасевич екені айтылды.

Беларусь ақпарат агенттігі ұшақта жарылғыш болғаны хабарланғаннан кейін Лукашенконың бір әскери ұшақтың серік болуына нұсқау бергенін, Минскке төтенше жағдайда қондырылған ұшақта жарылғыш табылмағанын білдірді.

Оқиғадан кейін Беларусь еліне наразылықтар келе бастады. Еуропа Одағы, НАТО, Америка Құрама Штаттары, Грекия, Ұлыбритания Беларусь үкіметіне наразылық білдірді.



Ұқсас жаңалықтар