Израиль шабуылынан 248 адам қаза тапты

Мәлімдемеде Газада Израиль шабуылдары кесірінен мерт болған палестиналықтар санының 248-ге жеткені білдірілді.

1643579
Израиль шабуылынан 248 адам қаза тапты

Израиль армиясының жаулау астындағы Газа секторына 10 мамырдан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарында шейіт болған палестиналықтардың саны 248-ге ұласты. 

Израильдің Газаға бағытталған шабуылдардың доғарыуынан кейін Газада азаматтық қорғаныс және медициналлық топтары құтқару жұмыстарын тездетті. 

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің аймаққа жасаған 11 күндік шабуылдарда қаза тапқандарға байланысты жаңа бір мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде Газада Израиль шабуылдары кесірінен мерт болған палестиналықтар санының 248-ге жеткені білдірілді. 

Шейіт болғандардың 66-сының бала, 39-ның әйел екені, жарақат алғандар санының да 1 мың 948-ге ұласқаны баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар