Иштиййе халықаралық талпыныстарға ризашылық білдірді

Палестина премьер-министрі атысты тоқтату келісімінің артынан мәлімдеме жасады.

1643090
Иштиййе халықаралық талпыныстарға ризашылық білдірді

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарын тоқтату үшін жұмсалған халықаралық талпыныстарға жоғары баға берді.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның хабарына қарағанда Иштиййе Израиль мен Хамас арасында қабылданған атысты тоқтату келісімінің ресми түрде күшіне енуімен мәлімдеме жасады.

Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарын тоқтату үшін Мысырдан бастап ортаға қойылған барлық күш-жігердің қуанышпен қарсы алғандарын атап көрсеткен Иштиййе «Израиль 11 күндік бұл қорқынышты соғыс бойынша өлтіру, қорқыту және геноцид сияқты қылмыстар жасады» деді.

Израильдің шабуылдарда 20-дан астам отбасын барлық мүшелерімен жаппай «жойғанын» айтқан Иштиййе әйелдер мен балаларға қарсы жасалған қылмыстарды да Халықаралық қылмыстық сотқа апаратындарын атап өтті.

Израиль мен Хамас жасаған атысты тоқтату туралы келісім жергілікті уақытпен сағат 02:00-де күшіне енген болатын.

Израильдің Газаға 10 мамырдан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарында 65-і бала, 39-ы әйел, барлығы 232 палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар