Нетаньяху Байденнің талабын қабылдамады

Нетаньяху: "АҚШ президентінің Израильдің өзін қорғау үшін берген қолдауына ризамын. Алайда нысанаға жеткенге дейін бұл операцияны жалғастыруға бел байладым" деді.

1642171
Нетаньяху Байденнің талабын қабылдамады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденнің атысты тоқтату үшін дағдарысты бәсеңдету талабын қабыл алмады. 

Нетаньяху жазбаша мәлімдемесінде:

"АҚШ президентінің Израильдің өзін қорғау үшін берген қолдауына ризамын. Алайда нысанаға жеткенге дейін бұл операцияны жалғастыруға бел байладым", операцияның нысанасы "Израильдік азаматтарымыздың тыныштығын қамдау" деп көрсетті.

Нетаньяху Израиль армиясының Газадағы топтардың қолындағы күшке, жоғары дәрежелі лидерлеріне күн сайын тіпті көп шабуыл жасағанын және Газадағы биік ғимараттар мен қару қоймаларын тіпті көп атқанын білдірді.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Байден мен Нетаньяхудың Газадағы оқиғаларды телефонда кеңескенін  хабарлаған болатын. 

Мәлімдемеде:

"Президент Байден Нетаньяхуға аймақта атысты тоқтату жолында дағдарыстың азайтылуын күткенін жеткізді" деп көрсетілді.    



Ұқсас жаңалықтар