БҰҰ-да Палестина жиналысы

Түркиядан Сыртқы істер министрі қатысады.

1642356
БҰҰ-да Палестина жиналысы

БҰҰ Бас ассамблеясы бүгін Палестина үшін бас қосады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Түркия атынан осы жиналысқа қатысады. Жиналыста Израильдің Газа секторындағы аяусыз шабуылдары мен Шығыс Иерусалимде палестиналықтардың үйлерінен күштеп көшірілуі талқыланады.

БҰҰ-ның 200-ге тарта мүшесі осы жиналыста Израильге мықты үндеу жолдайды деп күтіледі.

Нигер мен Алжирдің өтінішінен кейін БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр жиналыс өткізетінін хабарлаған брлатын. Ұйымның шешімдері  Қауіпсіздік кеңесінің бес мүшесінің ветосы салдарынан жарамсыз болып қалады. Қазірге дейін кеңесте төрт жиналыс өткізілді.  Бірақ ешбірінен нәтиже шықпады.



Ұқсас жаңалықтар