АҚШ-тың Израильге қару жәрдеміне наразылықтар артуда

Американдық танымал тұлғалар АҚШ-тың Израильге қару жәрдеміне наразылық көрсетті.

1641531
АҚШ-тың Израильге қару жәрдеміне наразылықтар артуда
Edward Snowden.jpg
Rashida Tlaib-Ilhan Omar.jpg

Американдық әйгілі тұлғалар әлеуметтік медиа арқылы Израильдің палестиналықтарға бағытталған зорлық-зомбылығы мен АҚШ-тың Израильге жасаған қару жәрдеміне наразылық көрсетуді жалғастырды.

АҚШ-тың Израильге көрсеткен көмегіне наразылық көрсеткен әйгілі актриса Сьюзан Эбигейл Сарандон «Біздің салықтарымыз нәсілшілдікті қаржыландыруда» деді.

АҚШ-тың Израильге көрсеткен көмектерін әлеуметтік желіде сынға алғандар қатарына Нью-Йорк Таймс ең көп сатылғандар тізімінде орын алған және жүлделі кітаптары 30-дан астам тілге аударылған американдық жазушы Наоми Клейн, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұрынғы қызметкері Эдуард Сновден, The Philadelphia Inquirer жаңалықтар сайтының еврей текті авторы Авраам Гутман да қосылды.

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) мұсылман конгресс мүшесі Ильхан Омар Газа шабуылдарынан қысқа уақыт бұрын Израильге 735 миллион долларлық қару-жарақ сатуды бекіткен президент Джо Байден әкімшілігіне наразылық көрсеткен болатын.

Жасаған жазбаша мәлімдемеде Израильге дәлдеу қабілеті жоғары тұмсықты зымыран саудасына рұқсат берген Байден әкімшілігін сынға алған Омар «Байден әкімшілігі үшін зорлық-зомбылық пен бейбіт тұрғындарға шабуылдардың күшеюінің артынан Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға алғы шартсыз 735 миллион долларлық дәлдікпен басқарылатын тұмсықты қаруды сатуға рұқсат беруі таңқаларлық болар еді» деді.

«Егер бұл сатылым мақұлданатын болса, бұл зорлық-зомбылықты жалғастырудың алдын ашу және атысты тоқтату бастамаларына кедергі жасау деген мағынаға келеді» деген Омар Израильдің бейбіт тұрғындарға жасағандарын көрген АҚШ әкімшілігінің қару-жарақ сату келісімін қайта қарауға тиісті екенін мәлімдеді.

Израильдің палестиналықтарға бағытталған шабуылдары жалғасып жатқанда, демократ Конгресс мүшелері Байден әкімшілігінің Израиль саясаттарына наразылықтарын тілге тиек етуде.



Ұқсас жаңалықтар