АҚШ БҰҰ-ның ортақ мәлімдеме жасауына кедергі болды

АҚШ БҰҰ-ның Израиль мен Палестина жайлы ортақ мәлімдеме жариялауына тағы кедергі жасады.

1641045
АҚШ БҰҰ-ның ортақ мәлімдеме жасауына кедергі болды

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израиль-Палестина дағдарысына бағытталған ортақ мәлімдеме жасауына тағы кедергі болды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мамырдағы кезекті төрағасы Қытай және уақытша мүшелер Норвегия мен Тунис Кеңестің 3-ші жиналысынан кейін ортақ қадам басылуы жөнінде жаңа талпыныс көрсетті.

Кеңес Израиль-Палестина арасында асқынған дағдарыс Израильдің Газаға әуе шабуылдары, бейбіт азаматтардың қазасы  және палестиналық отбасылардың үйлерінен кетулерінен алаңдап отырғандарын білдіріп, дағдарыстың азайтылуы үшін шақыру тасталған ортақ бір мәлімдеме жасауды жөн көрді.

Дипломатиялық хабарларға қарағанда  АҚШ Кеңестің осы бағытта бір қадам басуына тағы кедергі жасады.  

АҚШ лауазымдылары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ортақ мәлімдемесі қазіргі дағдарысты шеше алмайтынын айтып,  мәселені шешу үшін "тығыз дипломатиялық талпыныс" көрсетіп жатқандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар