Қытайда құйыннан 10 адам көз жұмды

Қытайдың орталығы мен шығысында құйын соғып, 10 адам қаза тапты.

1639665
Қытайда құйыннан 10 адам көз жұмды

Қытайдың орталық және шығыс аймақтарында құйын соғу салдарынан 10  адам қаза тапты және 367 адам жарақат алды. Секундына 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, 30-ға жуық үйді жермен-жексен еткен. 

Апатта 100-ден аса ғимарат зақымдалған. Табиғи апат кезінде 6 адам опат болып, 216  кісі жарақат алды.

Ал екінші құйын Цзянсу провинциясындағы Суч-жоу қаласында соғып, 1 адам қаза тапқан. 21 тұрғын жапа шеккен. Қазір табиғи апатен күрес жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар алдағы күндерде сақтық шараларын жасауды ескертуде.



Ұқсас жаңалықтар