Колумбияда келіссөз нәтиже бермеді

Шерулер қайта басталды.

1638887
Колумбияда келіссөз нәтиже бермеді

Колумбияда үкіметке қарсы шерулерге шешім табу мақсатымен кеше өткен келіссөзде келісімге келмегеннен кейін көше тағы қозғала бастады.

Ұлттық ереуіл комитетінің шақыруымен Богота қаласы секілді ірі қалаларда мыңдаған адам көшеге шықты.  Олар мемлекет басшысына қарсы наразылықтарын тілге тиек етті. Шерулер жалпы тыныш және бейбіт түрде өтті.  Кейбір жерлерде шерушілер мен полиция арасында шыққан қақтығыста бес адам жарақат алды.

Бір қалада шерушілер дүкендерді талан-таражға салып,  полиция көз жасаурататын газ қолданды.  Оқиғаларда 22 адам жарақат алды.  Көптеген адам қамауға алынды.

Ұлттық жұмыссыздық комитетінің басшысы үкіметпен келіссөз нәтиже бергенген дейін ереуілдің жалғасатынын білдірді.
 



Ұқсас жаңалықтар