Тәжікстанда су тасқыны

Табиғи апатта жеті адам қаза тапты.

1638299
Тәжікстанда су тасқыны

Тәжікстанның таулы аймақтарында нөсер жаңбыр салдарынан сең жүрді.  Табиғи апатта жеті адам қаза тапты.

Тәжікстан Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс комитетінің хабарламасында, елдің таулы аймақтарында кеше болған нөсер жаңбырдың су тасқынына жол ашқаны айтылды.

Су тасқыны салдарынан елдің Хатлан, Куляб және Хисар аймақтарында жеті адам қаза тапты. Осы кісілердің бесеуінің көліктерімен суға кеткені білдірілді. Көптеген баспана мен ғимарат судан зиян шекті. Құтқару топтарының істері жалғасып жатыр.

Президент Имамали Рахманның бұйрығымен үкімет комиссиясы қалыптастырылды.



Ұқсас жаңалықтар