Ауғанстанда Талибан Ораза айтқа атысты тоқтату жариялады

Ауғанстанда Талибан Ораза айт кезінде 3 күн бойы атысты тоқтату режимін іске қосатынын жариялады.

1637408
Ауғанстанда Талибан Ораза айтқа атысты тоқтату жариялады

Талибан жасаған мәлімдемеге қарағанда ұйым мүшелеріне айт бойынша кезкелген бір шабуыл жасамауға бұйрық берілгенін білдірді.

Мәлімдемеде Талибан ұйымының үкімет бақылауындағы аймақтарға және үкімет күштерінің де Талибан бақылауындағы аймақтарға саяхаттай алмайтыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде халықтың айт күндерін бейбіт және қауіпсіз өткізуі үшін атысты тоқтату туралы шешім қабылданғаны, атысты тоқтату кезінде жасалған әр шабуылға тойтарыс берілетіні баса айтылды.

Үкімет әлі Талибанның атысты тоқтату режимімен байланысты ресми мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар