Израиль күштері 2 палестиналықты атып өлтірді

Израиль күштері Батыс Шерияға қарулы шабуыл жасады деген сылтаумен 2 палестиналықты атып өлтірді.

1635997
Израиль күштері 2 палестиналықты атып өлтірді

Израиль күштері жаулау астындағы Батыс Шерияға қарулы шабуыл жасады деген сылтаумен 2 палестиналықты атып өлтірді. Оқиғада бір палестиналық жарақат алды. 

Израиль полиция басқармасынан жасалған мәлімдемеде 3 палестиналықтың Батыс Шерияның Дженин қаласы маңындағы шекара полициясына тиесілі бір базаға оқ жаудырғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде оқ атқандардың "залалсыздандырылғаны" баяндалса, Израиль баспасөзі шыққан қақтығыста 2 палестиналықтың қаза тапқанын, бір палестиналықтың ауыр жарақат алғанын жеткізді. 

Жарақат алған палестиналық Израильдегі ауруханаға апарылды. Палестина тарапы оқиғаға байланысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ. 

 



Ұқсас жаңалықтар