Ковидсіз арал атанды

Процида аралы «ковидсіз арал» болды.

1633558
Ковидсіз арал атанды

Италияда вакцинация аяқтаған Процида аралы «ковидсіз арал» болды.

Наполи қаласы маңындағы туристік мекендердің бірі Процида аралында тұратындардың барлығы екпе ектірді. Осылайша тұрғындарының вакцинациясы аяқталған алғашқы Италия аралы атанды.

Процида аралында шамамен 6 900 доза екпе егілді. Бұл тіркеулі тұрғындардың 92 пайызын қамтиды. Вакцинацияның жоғары деңгейге жетуі аралда вирустың таралу рискінің азаюына үлес қосады.

Енді көрші аралдарда вакцинация жылдамдай түседі.



Ұқсас жаңалықтар