Женевадағы Кипр конференциясы аяқталды

БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш конференция барысында қажетті ортақ тіл таба алмағандарын атап көрсетті.

1630825
Женевадағы Кипр конференциясы аяқталды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Кипр мәселесінің шешімі үшін ресми келіссөздерді бастау үшін қажетті ортақ тіл таба алмағандарын атап көрсетті.

БҰҰ басшылығында Швейцарияның Женева қаласында Кипрдегі тараптар мен  кепілгер елдер Түркия, Грекия және Ұлыбританияның да қатысуымен 5+1 форматындағы бейресми Кипр тақырыпты конференцияның соңғы күнгі отырысы болып өтті.

БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш конференцияның артынан «Кипр мәселесінің шешімі үшін ресми келіссөздерді бастау тақырыбында қажетті ортақ тіл таба алмадық» деді.

Гутерреш Кипр мәселесінде келіссөзді жалғастыру және оң нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша жұмыс істеуге бел буғандарын мәлімдеді.

Женевада 5+1 форматта өткен бейресми Кипр конференциясы 27 сәуір күні басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар