Түркия-АҚШ әскери байланыстарында өзгеріс болмайды

Пентагон Байденнің "қырғын" сөзі Түркиямен әскери байланыстарға ықпал жасауын күтпегендерін жариялады.

1628811
Түркия-АҚШ әскери байланыстарында өзгеріс болмайды

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонның мәлімдемешісі Джон Кирби президент Джо Байденнің 1915 оқиғаларына байланысты мәлімдемесінің Түркиямен әскери қарым-қатынастарға ықпал жасауын күтпегендерін айтты.

Пентагонның мәлімдемешісі Джон Кирби күнделікті баспасөз жиналысында сұрақтарға жауап берді.

Джон Кирби президент Джо Байденнің 1915 оқиғаларын "қырғын" деп бағаландыруы Түркиямен әскери қарым-қатынастарға ықпал жасап-жасаймайтынына байланысты сұраққа:

"Жасамайды, Түркия мен әскери қарым-қатынастарымызда өзгеріс болуын күтпейміз. Түркия НАТО одақтасы және өте маңызды бір одақтас. Түрліше сала мен тақырыптарда бұл қарым-қатынастарды жүргізуді және дамытуды жалғастырамыз. Президенттің мәлімдемесінің бұған әсер етуін күтпейміз" деп жауап берді.

Джон Кирби  Джо Байденнің мәлімдемесінің нәтижесінде Сириядағы іс-шараларда да ешқандай өзгеріс болмайтынын және осы елдегі аз санды әскердің мақсаты террористік ұйым ДАИШ-пен күресу екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар