Лаңкестікте полиция басшысы қаза тапты

Ауғанстан үкіметі Талибанды жауапты деп есептейді.

1628456
Лаңкестікте полиция басшысы қаза тапты

Ауғанстанның Герат уәлаятында Гулран полиция басшысының көлігіне бомбалы лаңкестік жасалды. Лаңкестікте полиция басшысы мен екі кісі қаза тапты.

Герат әкімі Сайед Вахид Катали ауданда полиция лауазым иелерінің көлігіне бомбалы лаңкестік жасалғанын білдірді. Ол Гулран аудандық полиция басшысының, ауданның бұрынғы әкімі мен бір кісінің қаза тапқанын хабарлады.

Лаңкестіктің жауапкершілігін әлі ешкім өз мойнына алмады.

Ел көлемінде соңғы кезде арта бастаған қастандықтардың нысанасында журналистер, белсенділер, дін ғұламалары, мемлекет қызметкерлері мен полиция қызметкерлері бар.

Ауғанстан үкіметі осы лаңкестікке Талибан жауапты деп есептейді.



Ұқсас жаңалықтар