Чадтағы қақтығыстарда 100 адам қаза тапты

Чадтың оңтүстігіндегі ру-тайпалар арасында шыққан қақтығыстар жалғасуда.

1623993
Чадтағы қақтығыстарда 100 адам қаза тапты

Саламат аймағындағы Сихеп пен Амбарит ауылдарында бір жақта арабтар, екінші жағында Дагал мен Кибет ру-тайпалары арасында өткен апта бастаған қақтығыстарда қаза тапқан адам санының 100-ге жеткені білдірілді.

Елдегі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия үкіметті Саламат аймағында төтенше жағдай жариялауға шақырып, халықты қарусыздандыру қажеттігін баса айтты.

Саламат губернаторы генерал Ямбайе Массира Абдель өткен аптада қақтығыстар кезінде бірнеше үйдің өртеніп, оқиғаларды тоқтату және жауапкерлерді тергеуге алу үшін қауіпсіздік күштерінің бұл аймаққа орналастырылғанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар