Талибан Гератта полицияға шабуылдады
Гераттағы полиция учаскесіне шабуылдаған Талибан мүшелері 3 полицияны өлтірді.
1623262
Ауғанстанның Герат провинциясында полиция учаскесіне Талибан жасаған бомбалы шабуылда 3 полиция қызметкері қаза тапты.
Герат губернаторы Сайед Вахид Катали содырлар Зиндекан ауданына қарасты Базар аймағындағы полиция учаскесіне бомба тиелген көлікпен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Шабуылда 3 полиция қаза тапты. Катали ұйым мүшелерінің кеше түн ішінде Гераттың Чашт, Уба, Гүлран, Кишк Кохне аудандарына да қарулы шабуылдар жасағанын білдірді.
Талибан болса қазірше мәлімдеме жасаған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Йеменде 22 миллионнан астам адам көмекке мұқтаж
Соғыс және қолайсыз ауа райы салдарынан зардап шеккен Йемен қиын жағдайда қалды.