Украинаға 117 мың доза Pfizer-BioNTech вакцинасы жеткізілді

Украинаның COVAX аясында 8 миллион доза вакцина алуы күтілуде.

1622703
Украинаға 117 мың доза Pfizer-BioNTech вакцинасы жеткізілді

Украинаға 117 мың доза Pfizer-BioNTech жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакцинасы жеткізілді.

Украина Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда ковид-19 вакциналарына жаһандық қол жеткізілім бағдарламасы (COVAX) аясында жеткізілген Pfizer-BioNTech вакцинасының 117 мың дозасы елге ұласты.

Украинаның COVAX аясында 8 миллион доза вакцина алуы күтілуде.

Британдық-шведтік фармацевтикалық және биологиялық AstraZeneca компаниясының «ковид-19» вакцинасын қолдана отырып, вакцинацияны жаппай егу жұмыстары 24 ақпанда басталған елде вакцина егілгендер саны 432 817 адамға жетті.

Украинада қытайлық Sinovac вакцинасын қолдану 13 сәуірде басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар