НАТО одақтастары Ауғанстан тақырыбымен бас қосты

НАТО базасындағы жиналыстан кейін НАТО елдерінің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлері видео конференция өткізді.

1621466
НАТО одақтастары Ауғанстан тақырыбымен бас қосты

НАТО-ның Ауғанстандағы "Шешімді қолдау міндетіндегі" елдердің Сыртқы істер министрлері Бельгия астанасы Брюссельде бас қосты.

Түркияға Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілдік еткен жиналысқа НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен, Германия Сыртқы істер министрі Хейко Маас, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб, Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо және АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин қатысты.

Жиналыста Ауғанстандағы соңғы оқиғалар қолға алынды.

АҚШ әкімшілігі Ауғанстандағы әскерлерін 11 қыркүйекке дейін шегіндіруге шешім жасады. 

Блинкен шегіну шешімінің НАТО одақтастарымен талқылайтындарын жариялаған болатын.

НАТО базасындағы жиналыстан кейін НАТО елдерінің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлері видео конференция өткізді. 

Жиналыста Ауғанстан және Украина ішінде және шекарасында Ресейдің әскерін көбейтуінен кейінгі жағдайлар талқыланғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар