АҚШ Ресейді тыныштыққа шақырды

Байден АҚШ-тың Украинаның егемендігі мен территория тұтастығына шайқалмайтын кепілдігін атап айтты.

1620615
АҚШ Ресейді тыныштыққа шақырды

Украинамен шекара дағдарысы жалғасқан Ресейге АҚШ-тан шақыру келді.

АҚШ президенті Джо Байден Украина шекарасына әскер жинауына алаңдағанын тілге тиек еткен орыс әріптесі Владимир Путинді кірбеңдікті азайтуға шақырды.
Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде Байденнің Путинмен телефонда сөйлескені білдірілді.

Телефондағы әңгімеде көптеген аймақтық және жаһандық тақырыптар талқыланғаны жазылған мәлімдемеде Байденнің Ресейдің кибер шабуылдар және АҚШ сайлауына киліккені сияқты мәселелерге байланысты АҚШ-тың ұлттық мүддесін қорғау мақсатымен қатаң қадамдар басылатынын тілге тиек еткені жеткізілді.

Мәлімдемеде:

"Байден АҚШ-тың Украинаның егемендігі мен территория тұтастығына шайқалмайтын кепілдігін атап айтты. Байден Ресейдің жаулап алған Қырым мен Украина шекарасына әскер жинауынан туған алаңын айтты және Ресей дағдарысты азайтуға шақырылды" деген мәлімет бөлісілді. 

Байденнің АҚШ-тың мүддесіне сай Ресеймен "тұрақты және болжамды бір қарым-қатынас орнату" мақсатында екені білдірілген мәлімдемеде:

"Байден Путинге АҚШ пен Ресейдің дөп келіп отырған мәселелерді талқылау үшін алдағы айларда үшінші бір елде саммит өткізуді ұсыныс етті" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар