Талибан Ауғанстанда әскери учаскеге шабуылдады
Белх уәлаятындағы әскери учаскеге жасалған қарулы шабуылда 5 әскердің қаза тапқаны білдірілді.
1620447
Талибанның Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятындағы әскери учаскеге жасаған қарулы шабуылында 5 әскер қаза тапты.
Елдің солтүстігіндегі 20-шы Шакин Корпус қолбасшылығы мәлімдемешісі Мұхаммед Ханиф Рызаи қарулы топ мүшелерінің Белхтің Чимтал ауданына қарасты Серасяб аумағындағы әскери учаскесіне қарулы шабуыл жасағанын білдірді.
Шабуылда 5 әскердің қаза тауып, 2 әскердің жарақат алғанын мәлімдеген Рызаи шабуылдың артынан шыққан қақтығыста 7 ұйым мүшесінің өлтірілгеніне назар аударды.
Куәгерлер 10 әскер қаза тауып, 5 әскердің жарақат алғанын және бесеуінің де Талибан тарапынан кепілдікке алғанын алға тартты.
Талибан шабуылда 11 әскердің өлтірілгенін алға тартты.