CoronaVac вакцинасы 6 айдан астам қорғайды

Қытай CoronaVac вакцинасының қорғау уақыты "6 айдан астам" деп хабарлады.

1610781
CoronaVac вакцинасы 6 айдан астам қорғайды

Қытайдың Sinopharm компаниясы тарапынан жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы жетілдірілген CoronaVac вакцинасының қорғау мезгілі "6 айдан астам" деп жарияланды.

Қытай Ауруды бақылау және тосу орталығында жұқпалы аурулар маманы Уанг Хуачин Пекинде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ел көлемінде қазірге дейін 100 миллион доза Ковид-19 вакцинасы егілгенін білдіріп, Қытай вакцинасының қорғау мезгілінің 6 айдан астам екенін айтты.

Sinopharm компаниясы төрағасының орынбасары Уанг Юнтау компанияның CoronaVac-тан да күшті бір Ковид-19 вакцинасын жетілдіргенін және вакцина жөнінде шетелде клиникалық сынақтар жасалғанын хабарлады.   



Ұқсас жаңалықтар