24 ел басшысынан "коронавирус" хаты

"Эпидемияларға қарсы күрес және дайындық тақырыбында жаңа халықаралық келісім жасау керек".

1610991
24 ел басшысынан "коронавирус" хаты

24 басшы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус эпидемияларға қарсы күрес және дайындық туралы жаңа халықаралық келісім жасау үшін бірлесіп жұмыс істеу керек екенін атап көрсетті.

24 басшы мен Гебрейесус ортақ хат жариялады.

Француз Le Monde газетінде орын алған ашық хатта; Франция, Португалия, Ұлыбритания, Германия, Руанда, Грекия, Чили, Кения, Албания, Оңтүстік Африка, Нидерланд, Тунис, Сенегал, Украина, Индонезия, Фиджи, Румыния, Еуроодақ Кеңесі төрағасы Шарль Мишель, Оңтүстік Корея, Коста-Рика, Тринидад және Тобаго, Испания, Норвегия, Сербия мемлекет басшылары немесе премьер-министрлерімен ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясының 1940 жылдан бері халықаралық қоғам бетпе-бет қалған ең үлкен жаһандық мәселе екенін баса айтты.

Ғаламшарда басқа эпидемиялардың болатыны атап көрсетілген хатта ешбір үкіметтің эпидемияларға қарсы бір өзі күресе алмайтынына назар аударылды.

Хатта эпидемиямен тиімді күресу керектігі айтылды.

«Осы пандемия және басқа түрлерімен қауіпсіз, тиімді сондай-ақ лайықты бағамен сатып алатын вакциналарға қоса әртүрлі дәрі-дәрмектерге тең және жалпыға бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуде табандымыз» делінген хатта вакцинаның мүмкіндігінше жылдам өндіріліп, таратылу керектігі баса айтылды.

Хатта «Пандемияға қарсы дайындық және күресу тақырыбында жаңа бір халықаралық келісім әзірлеу үшін халықаралық қоғамның бірігіп жұмыс істеу керектігіне сенеміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар