Мьянмадағы жағдай

Төңкеріске қарсы шыққандар бүгін тағы көшеге шықты.

1608275
Мьянмадағы жағдай

Мьянмада әскери төңкеріс және сайлаумен билікке келген үкімет мүшелерінің қамауға алынуына қарсы шыққан ел көлеміндегі шерулер жалғасып жатыр.  Төңкеріске қарсы шыққандар бүгін тағы көшеге шықты.

Янгон, Мандалай, Баго және Киаукме аймақтарында он мыңдаған адам қауіпсіздік қызметкерлерінің күш қолдануына қарсы наразылық білдірді. Янгонда кейбір шерушілер Мьянма армиясына қарсы этникалық топтардың қолдауымен федералдық армия құрылуы үшін ұран салды.  Медқызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер де шерулерге қатысты.

Мьянманың Мандалай аймағында 23 наурыз күні әскерлер жеті жасар бір қызды өлтіргеннен кейін кеше ел көлемінде көптеген өңірде «үнсіз ереуіл» өткізілді. Барлық жұмыстар тоқтап, шерушілер көшеге шықпаған еді.

Сонымен қатар Мьянма Саяси тұтқындарға көмек ұйымы соңғы 24 сағатта қауіпсіздік күштерінің қолынан 11 адамның қаза тапқанын білдірді. Куәгерлердің де растауымен қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілген адам саны 286-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар