Ливанда саяси дағдарыс

Президент Харириге шақыру тастады.

1603453
Ливанда саяси дағдарыс

Ливан президенті Мишель Авн қазан айында жаңа үкіметті құруға міндеттендірілген Саад әл Харириге үн қатып, тез арада үкіметті құруға немесе міндетті басқасына тастауға шақырды.

Президент Авн шамамен бес айдан бері үкімет құруға міндеттендірілген Харириге ашуланды.

«Үкіметті дереу құру тақырыбында менімен келісу үшін өзін Атазаңда айқындалған механизмдер шеңберінде Президенттік сарайға шақырамын» деді ол. Авн Харири егер ұлттық үкіметті құра алмайтын болса осы міндетті басқа тұлғаларға тастауы керектігін айтты.

Сүннит болашақ қозғалысының лидері, бұрынғы премьер-министр Харири де христиан президент Авнға жазбаша жауап берді.

Жаңа үкіметті құру міндеті берілген 2020 жылдың қазан айынан бері Президенттік сарайға 16 рет барғанын және президент Авн уақыт бөлсе 17- ші рет баруға болатынын білдірген Харири президентті кабинет тізімін бекітуге немесе ерте президенттік сайлаудың жолын ашуға шақырды.

Түрлі дін мен секталарға негізделген саяси жікшілдік тұрғысынан едеуір күрделі Ливанда саяси топтар арасындағы келіспеушіліктер себебімен бес айдан бері жаңа үкімет құрылмады.



Ұқсас жаңалықтар