Ливияда Сирт пен Мисрата арасындағы жол ашылады

Жол ашылғаннан кейін Сиирт пен Әл Жуфрадағы ақылы әскерлердің шыға бастайды.

1603035
Ливияда Сирт пен Мисрата арасындағы жол ашылады

Ливиядағы 5+5 ортақ әскери комитетінің мүшесі Әл Фитури Жыбрил Сирт пен Мисрата арасындағы жағалау жолының екі апта ішінде ашылатынын айтты.

Жыбрил жол ашылғаннан кейін Сирт пен Әл Жуфрадағы ақылы әскерлердің шыға бастайтынын білдірді.

Комитеттің сегізінші ақылдасу жиналысынан кейін хабарлама жасалып,  елдің солтүстігі бойындағы жолдың ашылуына байланысты жақында тағы бас қосатындары білдірілді. Елде сонымен бірге екі жақтың қолындағы тұтқындардың алмастырылуы жұмыстары жүріп жатыр.

Швейцарияның Женева қаласында 19-23 қазан күндері арасында өткен 5+5 ортақ әскери комитеті жиналыстары нәтижесінде Ливия үкіметі мен елдің шығысындағы заңсыз күштерінің лидері Хафтарға қарасты делегация арасында түбегейлі бітімге қол қойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар