Педерсон: "Түркияның маңызын түсініп, мақтан тұтамыз"

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Геир О.Педерсон журналисттерге мәлімдеме жасады.

1602016
Педерсон: "Түркияның маңызын түсініп, мақтан тұтамыз"

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Геир О.Педерсон «Сириялық мигранттарға қонақжайлық тұрғысынан бәріміз Түркияның маңызын түсініп, мақтан тұтамыз» деді.

Педерсон БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен Сириядағы жаңалықтар туралы ақпарат бөліскен соң БҰҰ Женева офисі мен Нью-Йоркта қызмет еткен халықаралық журналисттерге бейнеконференция арқылы баспасөз мәслихаты өткізді.

Сирия бойынша атысты тоқтату шақыруын қайталаған Педерсон Идлибтегі жағдайдың 1 жылдан бері «одан тыныш» екенін білдірді.

«Тыныштыққа қарамастан аймақта жағдайдың өте нәзік» екенін еске салған Педерсон қақтығыстардың қайтадан басталмауы үшін тараптарға ескерту жасады.

Анадолы агенттігі тілшісінің «Түркия 3,6 миллионы сириялық бүкіл әлемде ең көп босқынға қонақжайлық жасайтын ел болу ерекшелігін жалғастырады. Халықаралық қоғамға әсіресе де Еуроодақ (Түркияға бұл тұрғыда қолдау көрсету үшін) кез-келген бір шақыру жасайсыз ба?» деген сұрағына қайтарған жауабында Педерсон «Сириялық мигранттарға қонақжайлық тұрғысынан бәріміз Түркияның маңызын түсініп, мақтан тұтамыз. БҰҰ отбасының да қолдауы үшін Түркияға алғысын жеткізгенін білемін» деді.

Осы айдың соңында Бельгияның бас қаласы Брюссельде Сирияға гуманитарлық жәрдемдер тақырыбында бір конференция ұйымдастырылатынын білдірген Педерсон аталмыш конференцияда Түркиядағы босқындарға да жәрдем жасалатынына сенгенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар