Альбатрос құсы Даналық 40-шы балапанын туды

Альбатрос құс түрлері алғаш рет 1893 жылы байқалған болатын.

1595351
Альбатрос құсы Даналық 40-шы балапанын туды

Тынық мұхитындағы Мидуэй аралында әлемдегі ең көне жабайы құс 70 жастағы Альбатрос құсы Даналық 40-шы балапанын дүниеге әкелді.

АҚШ Жабайы Өмірді қорғау қоғамының лауазымдылары балапанның аман-есен дүниеге келгенін білдірді.

Лауызымдылар Гавай аралдарының солтүстік батысындағы және ұзақ жылдан бері Альбатрос құстарына үй иесі болған Мидуэй аралына жұмыртқа тастауға барған Даналық құсқа байланысты жасаған мәлімдемелерінде:

"Құстың қайтуы құс сүйерлерге шабыт беріп қана қоймай, сонымен бірге осы нәзік теңіз құстарының болашақтағы тіршілігі үшін қажет болған ортаны қалай қорғайтынымызды жақсы түсінуімізге де жәрдемші болады" деп көрсетті.

Альбатрос құс түрлері алғаш рет 1893 жылы байқалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар