Қазақстан ковид-19 шараларын жеңілдeтуге шешім қабылдады

Коронавируспен күрес шығыс елдерінде үздіксіз жалғасуда.

1590495
Қазақстан ковид-19 шараларын жеңілдeтуге шешім қабылдады

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 2 миллион 508 мың 940-қа жетті. Вирус жұқтырғандардың саны 113 миллион 101 мыңнан, сауығып кеткендер саны болса 88 миллион 723 мыңнан асты.

Үндістанда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 144 адам қайтыс болды, 17 мың 106 адам вирус жұқтырды. Елде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 156 мың 742-ге, оқиға саны 11 миллион 46 мың 432-ге өсті.

Ковид-19 салдарынан өлім-жітім 12 мың 708, вирус жұқтырғандар саны 574 мың 580-ге жеткен Пәкістанда эпидемияға қарсы күрес шараларының жеңілдетіле бастағаны білдірілді. Бұл аяда сауда орталықтары, дүкендер, базар мен ойын-сауық парктері үшін іске қосылған тыйымдар күшін жойды. Эпидемия салдарынан кейінге қалдырылған жалпыхалықтық сайлаудың мамыр соңы мен маусымның басында өткізілуі мүмкін екені білдірілді.

Ливияда 23 адамда Ұлыбританияда анықталған мутацияға ұшыраған коронавирустың түрі байқалды. Соңғы 1 тәулікте ковид-19 салдарынан 26 адам қайтыс болып, 561 жаңа оқиға анықталды.

Қазақстанда 1 наурыздан бастап коронавируспен күрес аясында қабылданған шараларды жеңілдетуге шешім қабылданды. Аталмыш күннен бастап Қазақстан мен Түркия арасында ұшатын рейс саны 4-ке көбейеді. Ковид-19 салдарынан 2 мың 718 адам қайтыс болған елде соңғы 24 сағатта вирус жұқтырғандар саны 753 артып, 209 мың 562 болды.

Нигерияда эпидемия салдарынан өлім-жітім мың 874, вирус жұқтырғандар саны 153 мың 187 болып тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар