Әлемде коронавирус көрсеткіштері

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 454 адам қайтыс болды

1586655
Әлемде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 2 миллион 542 мың 750-ден асты.  Вирус жұқтырғандар саны 110 миллион 848 мыңнан, сауығып кеткендердің саны болса 85 миллион 796-дан асты.

Өлім-жітім 505 мың 309 болған Америка Құрама Штаттарында вирус жұқтырғандар саны 28 миллион 523 мың 520-дан асты.

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 454 адам қайтыс болды. 12 мың 57 адамға вирус жұққаны анықталды.  Елде өлім-жітім 119 мың 387, вирус жұқтырғандар саны болса 4 миллион 83 мың 242 болды.  Ковид-19 вакцинасының бірінші дозасын салдырғандар саны 16 миллион 423 мыңнан асты,  бұлардың 573 мың 724-іне екінші доза салынды.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 347 адам қайтыс болды.  Жалпы қайтыс болғандардың саны 94 мың 887-ге жетті. Вирус жұққан адам саны болса 13 мың 762 артып, 2 миллион 765 мың 412-ге жетті.

Францияда ковид-19 себебімен бір тәулікте 271 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 83 мың 393 болды.  Бір күнде 22 мың 501 адам тіркеліп,  вирус жұқтырғандардың саны осылайша 3 миллион 536 мың 648-ге жетті.

Испанияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 388 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 66 мың 704-ке жетті.  Бір күнде 14 мың 515 жаңа оқиға расталып, вирус жұқтырғандардың саны 3 миллион 121 мың 687-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар