Коронавирус 10 жылдық мәселе болуы мүмкін

Угур Шахин: "Вакцинаны 10 миллионнан астам адамға жеткіздік. Вакцинамызды бүкіл әлемдегі адамдарға жеткізу ниетіндеміз" деді.

1584911
Коронавирус 10 жылдық мәселе болуы мүмкін

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасын жетілдірген неміс биотехнология компаниясы BioNTech-тің құрушы ортағы Профессор доктор Угур Шахин вирустың алдағы 10 жыл ішінде бір мәселе туғызатынын білдірді.

Угур Шахин:

"Вакцинаны 10 миллионнан астам адамға жеткіздік. Алайда әлі де істелетін жұмыс көп. Вакцинамызды бүкіл әлемдегі адамдарға жеткізу ниетіндеміз" деді.

Әлемдік банк пен Халықаралық Ақша қоры (IMF) Түрік қызметкерлері қоғамы (WITSA) BioNTech-тің құрушы ортағы Профессор доктор Угур Шахин мен доктор Өзлем Түрежидің қатысуымен "Індетті жеңуде Халықаралық ынтымақтастық" тақырыптағы бір видео конференция ұйымдастырды.

Вируспен күресте ынтымақтастықтың маңызына тоқталған Шахин:

"Коронавирустың бізбен бірге болатыны айқын. Бұл тек 2021 және 2022 жылдың уақытша мәселесі емес. Бұл алдағы 10 жыл үшін қиыншылық туғызуда" деді.

Вакцинаның таратылуы мен егілуінде теңдік болуын қалайтындарын білдірген Өзлем Түрежи аталмыш тақырыпта халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап айтты. 



Ұқсас жаңалықтар