Жылыну үшін киімдерін өртеді

Су құбырлары да қатып қалды.

1583341
Жылыну үшін киімдерін өртеді

Францияның солтүстігіндегі лагерьде өмір сүретін босқындар жылыну үшін киімдерін өртеді.

Елдің солтүстігіндегі төрт қалада -16 градусқа төмендеген ауа райы себебімен босқындар қиналуда. Норт аймағындағы Гранд-Синти қаласында бір орманда шатырлардан тұратын лагерьде өмір сүретін шамамен 500 босқынға көмек жеткізген гуманитарлық көмек ұйымы "Утопия 56" лауазым иелері аймақта ауыр иіс шыққанын, адамдардың жылыну үшін киімдерін өртегенін айтты.

Олар сонымен бірге лагерьде тек бір су қоймасы бар екенін,  алайда екі күннен бері құбырлардың қатып қалғанын айтты. Босқындар Францияның солтүстігіндегі Манш теңізінен асып, Ұлыбританияға өтуге тырысады.



Ұқсас жаңалықтар