Францияда 2 полицияға тергеу ашылды

Тергеуге алынған полициялар «қасақана зорлық-зомбылық жасады» деп айыпталуда.

1581542
Францияда 2 полицияға тергеу ашылды

Францияның бас қаласы Парижде сары жейделілер 2019 жылы 26 ​​қаңтар күні ұйымдастырған демонстрация кезінде 2 шерушіге «зорлық-зомбылық көрсетті» деген айыппен 2 полиция қызметкері туралы тергеу ашылғаны білдірілді.

Француз баспасөзінде жарияланған жаңалықтарға қарағанда 2 полиция қызметкері туралы Париждегі наразылық шеруінде бір демонстрантқа зорлық-зомбылық жасап, пластикалық оқ атып сары жейделілердің жетекшілерінің бірі Жером Родригестің «көзінен айырылуына себеп болды» деген айыппен 14 қаңтар күні тергеу басталғаны білдірілді.

Полиция қызметкерлерінің «қасақана зорлық-зомбылық жасады» деген айып тағылып, сот бақылауында екендігі атап көрсетілді. Париж прокуратурасы оқиғаға қатысты алдында тергеу ашқан болатын.

2019 жылы 26 ​​қаңтар күні Парижде сары жейделілер ұйымдастырған демонстрацияда Родригес полициямен шыққан қақтығыста оң көзінен айырылған болатын.

Францияның Рен қаласында сары жейделілердің 2019 жылдың 19 қаңтар күнгі демонстрациясында қолданылған пластикалық бомбамен бір шерушінің көзінен айырылуына себеп болғаны алға тартылған полиция туралы өткен апта тергеу ашылған еді.

Елдегі демонстрацияларда полицияның операциясы нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 30 адам зағип болды және 5 адам қолынан айырылды. Оқиғаларда жалпы 770 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар