Террор ұйымының Баб ауданына шабуылында 9 адам жарақат алды

Баб ауданындағы бейбіт тұрғындарға жасаған зымыран шабуылында 3 бала, барлығы 9 адам жарақат алды.

1579928
Террор ұйымының Баб ауданына шабуылында 9 адам жарақат алды

Террор ұйымы YPG/PKK-ның Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласына қарасты Баб ауданындағы бейбіт тұрғындарға жасаған зымыран шабуылында 3 бала, барлығы 9 адам жарақат алды.

Жаралылар айналадағы ауруханаларға жеткізілді.

Манбидж ауданында оккупациясын жалғастырған террор ұйымы YPG/PKK-ның кеше азанда  Джераблустың оңтүстігіндегі СҰА (Сирия Ұлттық армиясы) сарбаздары орналасқан жерге дендеп енуге әрекеті кезінде бір СҰА сарбазы шейіт болды.

Түркияның бір жақтан Ресей, басқа жақтан АҚШ-пен қол қойған келіссөздерге қарамастан террор ұйымы YPG/PKK Тель-Рифат және Манбидж аудандарын террорлық шабуылдары үшін база ретінде пайдалануда.



Ұқсас жаңалықтар