АҚШ Адам құқықтары кеңесіне қайта қосылды

БҰҰ ризашылығын білдірді.

1580036
АҚШ Адам құқықтары кеңесіне қайта қосылды

БҰҰ Америка Құрама Штаттарының Женевадағы Адам құқықтары кеңесіне қайта қосылуына риза болды.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз мәлімдемесіші Стефан Дужарик күнделікті баспасөз мәслихатында адам құқықтары тақырыбындағы барлық мәселелердің қолға алынуында басты орындағы Кеңесте Америка Құрама Штаттарының «маңызды пікірін» естуді күткендерін айтты.

Джо Байден әкімшілігі Америка Құрама Штаттарының БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне «бақылаушы» ретінде қосылу шешімін білдірген болаты.

Бұрынғы президент Дональд Трамп Израильге қарсы болды деген сылтаумен 2018 жылы осы кеңестен шығып кеткен еді.

БҰҰ Адам құқықтары кеңесі 2006 жылы құрылды.  БҰҰ-на мүше елдер Адам құқықтары кеңесі мүшелігіне үш жылдығына сайланады.

 



Ұқсас жаңалықтар