Германияда мешітке шабуыл жасалды

Hühndorfer көшесіндегі 300 кісі ғибадат жасайтын мешітте зерттеу жүргізген полиция тіркеуге алып, тергеу бастады.

1576865
Германияда мешітке шабуыл жасалды

Германияның Дресден қаласындағы бір мешітке PKK/YPG терористтік ұйымын қолдаушылар тарапынан ұрандар жазылды.

Дін Істері Басқармасы Түрік-Ислам одағына қарасты Фатих мешітіне түнде аты-жөні белгісіз адамдар жасаған бояулы шабуылды азандағы намазға келген жамағат байқады.

Алдымен мешіт басқармасына, артынан полицияға хабар берілді.

Hühndorfer көшесіндегі 300 кісі ғибадат жасайтын мешітте зерттеу жүргізген полиция тіркеуге алып, тергеу бастады.

Осы мешітке 2016 жылы да бомбалы шабуыл жасалған, шабуылшы Нино К ұсталып, 9 жыл 8 ай түрме жазасы берілген.

Өткен жылы ұйымдастырылған шабуылда мешіттің терезе әйнектері сынып, мешітке заттық шығын салған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар