Блинкен БАӘ-лік әріптесімен телефонда сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен БАӘ Сыртқы істер министрі Аль Нахаянмен телефонда сөйлесті.

1577169
Блинкен БАӘ-лік әріптесімен телефонда сөйлесті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Сыртқы істер және Халықаралық ынтымақтастық министрі Абдулла Бин Зайид Әл-Нахаянмен телефонда сөйлесті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Блинкен мен Әл-Нахаянның әңгіме барысында БАӘ-нің тарихи Израиль бастамасы, Біріккен Араб Әмірліктерін аймақтық қауіп-қатерден қорғау аясында ынтымақтастық және аймақтағы шиеленістер мен қақтығыстарды азайту тақырыптарында бірігіп жұмыс істеу ұсынысын талқылағаны білдірілді.

Блинкеннің Катар және араб елдері арасындағы келіспеушілікті шешу тұрғысынан басылған қадамдарды қолдағаны атап көрсетілген мәлімдемеде БАӘ-нің Таяу Шығыста бейбітшілікке одан көп үлес қосуға мүмкіндігі бар екеніне назар аударылды.

Бұл кездесу Блинкеннің министрлікке тағайындалғаннан кейін Шығанақпен алғашқы байланысы болды.



Ұқсас жаңалықтар