АҚШ Мьянмадағы әскери төңкеріс туралы мәлімдеді

БҰҰ Мьянмадағы әскери төңкерістің сәтсіздікке ұшырауы үшін бар күшін жұмсайтынын жариялады.

1577251
АҚШ Мьянмадағы әскери төңкеріс туралы мәлімдеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Мьянмадағы әскери төңкерістің сәтсіздікке ұшырауы үшін барлық актерлер мен халықаралық қоғамды жұмылдыруға бар күшін жұмсайтынын жариялады.

«Washington Post» газетіне берген сұхбатында күн тәртіпті бағалаған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Мьянмадағы төңкеріске тоқталды.

Әдеттегідей өткен сайлаудың артынан әскери төңкерістің «мүлдем қабылданбағанын» айтқан Гутерреш «Мьянмаға жеткілікті қысымды көрсетіп, бұл төңкерістің сәтсіздікке ұшырауы үшін барлық актерлер мен халықаралық қоғамды жұмылдыруға бар күшімізді жұмсаймыз» деді.

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) болса Джо Байден әкімшілігі армия төңкеріс жасаған Мьянмаға қатысты санкция процесін жақында аяқтайды.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Псаки күнделікті баспасөз брифингінде тақырыппен байланысты талқылаудың жалғасқанын және әкімшіліктің бұл мәселе бойынша шаралар қабылдауға жақын екенін атап «Дәл қазір толық күнтізбе бере алмаймын, бірақ бұл мәселе біз үшін басым тақырып. Санкция ықтималы мен қандай қадамдар басылатынын жылдам түрде бағалаймыз» деді.

Кеше АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемемен Мьянмадағы процестің «әскери төңкеріс» екендігі ресми түрде тіркелген болатын.

АҚШ-тың заңдарына қарағанда әкімшілік мемлекеттік төңкерісті тіркеген елдерге әскери көмекті тоқтатуға міндетті.

Мьянма армиясының БАҚ құралдарынан жасалған мәлімдемеде дүйсенбі күні азанғы уақыттағы тергеуге алулардың артынан төңкеріс жасалғаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар