Қаңтарда 112 террорист залалсыздандырылды

Қаңтар айында мемлекет іші және шетелде жүргізілген әуе және құрлық операцияларында 112 террорист залалсыздандырылды.

1576552
Қаңтарда 112 террорист залалсыздандырылды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы өткен ай мемлекет іші және шетелде жүргізілген операцияларда 112 террорист залалсыздандырылды. 

Түрік Қарулы күштері, Қауіпсіздік басқармасы және Жандармерия қолбасшылығы мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін бұзуға тырысқан террор ұйымдарына қарсы операциялар жасауда. 

Қауіпсіздік күштері қала орталықтары және ауылды жерлермен қатар шетелде де операция жүргізді. Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге осы жылдың бірінше айында қатты соққы берді. 

Қаңтар айында мемлекет іші және шетелде жүргізілген әуе және құрлық операцияларында 112 террорист залалсыздандырылды. 

Осы барыста 24 қаңтардан бастап,  көндіру жұмыстары нәтижесінде  PKK/KCK-дан қашып, қауіпсіздік күштеріне берілген террористтер саны 14-ке жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар