Колумбияда 2 қайық соқтығысты

Тынық мұхиты жағалауында 2 жолаушылар қайығы соқтығысып, 7 бала, барлығы 14 адам ажал құшты.

1575859
Колумбияда 2 қайық соқтығысты

Колумбияның оңтүстік батысындағы Тынық мұхитының жағалауында 2 жолаушылар қайығының соқтығысуы салдарынан 7 бала, барлығы 14 адам ажал құшты.

Колумбия баспасөзінің хабарына қарағанда Нарино әкімшілік аймағына қарасты Тумако порт қаласынан жолға шыққан және жолаушыларды өз сыйымдылығынан асырып қабылдаған 2 қайық соқтығысты.

Апаттың артынан судан 7-сі бала барлығы 14 адамның мәйіті мен 36 адам балықшылар және аймақ халқының көмегімен құтқарылды.

Аймақта жалғасқан іздеу-құтқару жұмыстарына жағалау күзет қызметіне қоса ұшақ және тікұшақтар да қатысуда.

Қайыққа толығымен неше адамның мінгені және қайықтардың неліктен соқтығысқаны туралы ресми мәлімдеме жасалмады.

Апаттың артынан тергеу ашылды.



Ұқсас жаңалықтар